Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

ҚПЛ Еуропамен чемпионаттарымен бір деңгейде екені айтылды

Редактор Penalty.kz
18.06.2025, 13:37

Жуырда «Оқжетпес» клубының сербиялық жартылай қорғаушысы Стахинья Йованчич Қазақстан Премьер-Лигасының деңгейіне жоғары баға берді.

Zakon.kz
Zakon.kz

«Оқжетпес» клубының жартылай қорғаушысы Стахинья Йованчич «Астанаға» қарсы өткен ойын (2:5) туралы пікір білдіріп, Қазақстан Премьер-Лигасының деңгейіне бағасын берді. Сонымен қатар команда алдындағы маусымдық мақсаттарды атап өтті. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Матч туралы пікір

“Бұл біз үшін өте қиын ойын болды. Голдарды тым оңай өткізіп алдық. Өз кезегінде, бізде де бірнеше нақты мүмкіндік болды, бірақ оларды іске асыра алмадық. «Астана» — өте мықты команда. Жеңіліп қалғанымыз өкінішті, бірақ біз тоқтамай, ары қарай жұмыс істей береміз”, - деді Стахинья Йованчич. 

Қазақстан чемпионатына көзқарас

Футболшының сзінше, Қазақстан Премьер-Лигасы – жақсы деңгейдегі турнир. Көптеген клуб бір-біріне тең дәрежеде қарсылас бола алатын деңгейде дейді Йованчич.

“Бұған дейін Босния мен Сербия чемпионаттарында ойнадым. Егер салыстырар болсам, КПЛ-де қарқын жоғары, ал жалпы сапа жағынан бұл лигалар бір-біріне ұқсас”, деді ол.

Маусымдық мақсаттар мен команда әлеуеті

“Иә, бұрын «Окжетпесті» лифт-команда деп атайтын, себебі жиі түсіп, қайта оралатын. Бірақ қазір жағдай мүлде бөлек. Бізде жақсы іріктелген құрам, кәсіби жаттықтырушылар бар. Сеніммен айта аламын: біз көп нәрсеге қол жеткізіп, елді таңғалдыра аламыз”, – деп түйіндеді Стахинья Йованчич. 

Айта кетейік, биыл «Оқжетпес» сенсация жасап, еурокубок жолдамасына таласуға толық қабілетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір