Қаржы жоқ, жалақы кешігіп жатыр, клуб дағдарыста.
Түркістандық «Тұран» футбол клубының қаржылық қиындықтары жалғасып жатыр. Sports24.kz мәліметінше, команда Премьер-лиганың 13-турында аясында «Елімайға» қарсы ойынға Семей қаласына пойызбен бармақ.
Клубтағы қаржылық тұрақсыздық тек жол жүруге ғана емес, ойыншылардың жалақысының кешігуіне және толыққанды дайындық процесінің бұзылуына да әсер етіп отыр. Бұл мәселе команда құрамындағы психологиялық және физикалық ахуалға да кері ықпал етуде.
Қаржы тапшылығының салдары 12-турда анық көрінді: «Тұран» елордалық «Жеңіске» қарсы матчқа легионерлерсіз шықты және нәтижесінде 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Бұл жағдай клубтың ішкі жағдайының қаншалықты қиын екенін аңғартады.
12 тур қорытындысы бойынша, «Тұран» бар болғаны 11 ұпай жинап, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 10-орында орналасқан. Команда үшін әрбір ұпай маңызды болып тұрған сәтте, логистика мен дайындықтағы қиындықтар нәтиже көрсетуге кедергі келтіруде.