Alatau City Bank 2025 жылдан бастап Қазақстан футбол федерациясының ресми және бас серіктесіне айналады. Қаржылық институт ұлттық құрамаларға, футзалға және Премьер-лигаға қолдау көрсететін болады.
2025 жылдан бастап Alatau City Bank Қазақстан футбол федерациясының ресми әрі басты серіктесіне айналды. Банк ұлттық құрамалар мен Премьер-лиганы қаржылай қолдап, футболды дамытуға бағытталған ірі жобаларға қатысады.
Көпшілікке бұрын Jusan Bank атауымен танымал болған, қазіргі уақытта Қуат Қожахметов басқаратын Alatau City Bank ҚФФ-мен стратегиялық келісімге қол қойды. Бұл келісім аясында банк:
«Футбол – миллиондаған адамды біріктіретін қуат көзі. Біз балалар мен жасөспірімдер спортын қолдауға және ҚФФ-мен бірге ірі бастамаларды жүзеге асыруға дайынбыз», – деді банк басшысы Қуат Қожахметов.
Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров ірі бизнестің спортқа қолдау білдіруінің маңызын ерекше атап өтті:
«Бұл – отандық футбол үшін маңызды қадам. Мұндай ынтымақтастық спорт пен бизнестің тиімді серіктестігінің жарқын үлгісі».
Айта кетейік, Alatau City Bank – бұған дейін «Цеснабанк» атауымен танылған, ҚФФ-ның экс-президенті Әділбек Жақсыбеков ұзақ жылдар бойы иелік еткен және «Цесна» корпорациясының құрамына кірген қаржы ұйымының мұрагері саналады.