Флориан Виртц — енді "Ливерпуль" ойыншысы! Неміс жұлдызы АПЛ-ға ресми түрде ауысты, ал "Наполи" Ндойені өз сапына қосуды көздеп отыр. Жазғы трансфер нарығында қызықтар енді басталды!
“Ливерпуль” ресми түрде Флориан Виртцті қатарға қосты. Германия құрамасының 22 жастағы жартылай қорғаушысы бұған дейін “Байер” сапында өнер көрсеткен. Футболшы медициналық тексеруден сәтті өтіп, ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды.
Виртцтің алғашқы мәлімдемесі:
“Мен өте қуаныштымын әрі мақтанамын. Ақыры бәрі аяқталды, бұл сәтті ұзақ күттім. Енді жаңа бастама күтіп тұр – бұл мен үшін аса маңызды. Мен бундеслиганы артта қалдырып, АПЛ-да мүлде жаңа тәжірибе жинағым келеді.”
Италияның “Наполи” клубы швейцариялық шабуылшы Дан Ндойемен келіссөз жүргізуде. Клуб ойыншыны өз сапына қосуға мүдделі. Трансфер әлі ресми түрде бекітілген жоқ, бірақ тараптар арасында белсенді диалог жүріп жатыр.
Бұл жазда еуропалық футбол нарығы қызу жүріп жатыр. Көптеген жұлдыздар өз командаларын ауыстырып, жаңа деңгейге қадам басуда. Трансфер терезесі әлі де ашық, алдағы апталарда тағы да күтпеген өзгерістер болуы мүмкін.