Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Михаил Мудриктің мансабына төрт жылдық дисквалификация төніп тұр

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 17:49

Лондондық "Челси" және Украина ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Михаил Мудрикке қатысты ауыр жаңалықтар тарауда. 

instagram/@mmudryk10
instagram/@mmudryk10

Қайта тексеру – жағымсыз нәтиже

Футболшының ағзасынан мельдоний атты тыйым салынған зат табылған. Екінші рет алынған B сынамасы да оң нәтиже көрсеткен. Бұл зат алғаш рет 2024 жылдың күзіне қарай тапсырылған допинг сынамасында анықталған.

Мудрик “аристократтар” сапында 4 желтоқсаннан бері ойындарға қатыспаған. Бұл – сол допинг дауына байланысты қабылданған шешім.

Футболшы мен клубтың ресми мәлімдемелері

“Челси” ресми мәлімдеме жасап, ойыншының қасақана тыйым салынған зат қолданбағанына сенімді екенін жеткізді:

“Клуб та, Михаил да Англия футбол қауымдастығының тестілеу бағдарламасын толығымен қолдайды. Михаил ешқашан тыйым салынған заттарды әдейі қолданбағанын нақты растады. Біз енді тиісті органдармен бірігіп жұмыс істейміз. Қазір басқа мәлімет бере алмаймыз”, – делінген клубтың хабарламасында.

Мудриктің өзі не дейді?

Михаил Мудрик бұл жағдайға қатысты Instagram парақшасында өз ойын білдірді. Ол мұндай жаңалықты мүлде күтпегенін және өзін кінәсіз санайтынын мәлімдеді:

“Футбол қауымдастығына тапсырған сынамамда тыйым салынған зат табылғаны туралы маған ресми түрде хабарланды. Бұл мен үшін шок болды. Себебі мен ешқашан әдейі ештеңе қолданған емеспін. Ешқандай ереже бұзбадым. Қазір командаммен бірге осы жағдайдың неден болғанын анықтап жатырмын. Мен еш кінәлі емеспін және алаңға қайта шығамын деп үміттенемін”, – деп жазды ойыншы.

Алда не болады?

Михаил Мудриктің Англия футбол қауымдастығы арқылы тыңдау өткізуге немесе толық іспен танысуға үш аптасы бар. Егер кінәсі дәлелденсе, төрт жылға дейін футболдан шеттетілуі мүмкін. Бұл шешім оның клубтық және халықаралық мансабына ауыр соққы болуы ықтимал.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір