Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Шетелге жол жабық па? Ислам Чесноковтың болашағы анықталды

Сарапшы, спорт журналисі
27.06.2025, 11:04

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ислам Чесноков алдағы уақытта қостанайлық "Тобыл" клубында өнер көрсетуді жалғастырады. 

instagram/@fctobol
Реклама
Реклама

"Тобыл" Чесноковқа сенім артып отыр

"Серый CARDINAL" телеграм-арнасының мәліметінше, қостанайлық клубтың басшылығы Ислам Чесноковқа сенім артып, оны маусым соңына дейін құрамында ұстап қалуды жөн көрген. Айта кету керек, шабуылшы жуырда өткен Қазақстан кубогы аясындағы "Жеңіске" қарсы алаңға шықпаған. Оған ойыншының сары қағазды көп алуы себеп. 

Шотландияға көшу

Дереккөздің мәліметінше, Ислам Чесноков Шотландияның "Хартс" клубына тек 2025 жылғы маусым аяқталғаннан кейін ауысады. Бұл трансфер бойынша келіссөздер жалғасып жатыр.

Бұған дейін "Хартс" бас бапкері Дерек Макиннес Исламды Шотландия чемпионаты басталмас бұрын қатарға қосуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген. Егер бұл мерзімге дейін келісімге келу мүмкін болмаса, шотландиялық клуб қысқы трансферлік терезеде, яғни қаңтарда Чесноковты өз қатарына қосуды қайта қарастырады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары