"Лацио" өз тәрбиеленушісі Романо Флориани Муссолиниді қайта сапына қосты.
Романо Флориани Муссолини — аты айтып тұрғандай, атышулы италиялық диктатор Бенито Муссолинидің шөбересі. 22 жастағы қорғаушы футбол мансабын "Лацио" академиясында бастаған. 2024/25 маусымын арендада өткізді. B сериясының өкілі "Юве Стабия" клубында ойнады.
Муссолини В сериясындағы маусымда 24 матч өткізіп, өзін тұрақты және сенімді қорғаушы ретінде көрсетті. Оның техникалық дайындығы мен позициялық ойыны бапкерлер тарапынан жоғары бағаланған.
Жанкүйерлер үшін ерекше қызығушылық тудыратын факт — Муссолинидің аты-жөні мен тегі. Бірақ өзі бұл туралы сұхбаттарында ашық айтудан бас тартады.
"Мен тек футболға назар аударамын. Атымның қайдан шыққанына емес, алаңдағы ойыныма мән беремін", — деген еді Романо бір сұхбатында.
Римдік клуб ойыншыны толыққанды маусым алдындағы жаттығу жиынына шақырды. Бас бапкер Марко Баронидің жаңа маусымға жоспарларында Муссолинидің болашағы бар деп есептеледі. Ол негізгі құрам үшін бәсекелесе алатының көрсете біледі немесе тағы да арендаға жіберілуі мүмкін.