ПСЖ бірінші таймда-ақ бар шаруаны бітірді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Футболдан клубтық әлем чемпионатының 1/8 финалында ПСЖ "Интер Майамиді" тас-талқан етіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті. 

Ең қызығы — париждіктер барлық төрт голды бірінші таймда-ақ соғып тастады:

  • 6 және 39-минуттарда Жоау Невеш дубль жасады;
  • 44-минутта "Интер Майами" қорғаушысы Томас Авилес өз қақпасына гол соғып алды;
  • Ал қосымша уақытта (45+3) Ашраф Хакими есепті 4:0-ге жеткізді.

ПСЖ — басты фаворит. Енді кіммен кездеседі?

Осылайша ПСЖ турнирдің ширек финалына жолдама алып, "Фламенго" (Бразилия) мен "Бавария" (Германия) арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір