Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Спарта" футболшылары Ақтөбедегі алаңды көріп шошыды – чехиялық басылым шу көтерді (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
24.07.2025, 09:39

Қобыланды батыр стадионындағы шөп сапасы сын астында қалды. 

instagram/@acsparta_cz
Реклама
Реклама

Футболшылар жағасын ұстады

Чехиялық беделді Idnes.cz басылымы прагалық "Спарта" футболшыларының Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы стадиондағы алаң жағдайына реакциясын жариялады. 

Басылым жазуынша, чехиялық ойыншылар алаңды алғаш көргенде-ақ жағасын ұстаған.

"Олар газонды алғаш көрген сәтте үрейленді. Алаң беті құммен жабылған, шұңқырлар көп, кей жерлері әктен тазармаған, бұрыш сызықтары көмескі. Дәл осы алаңда "Спарта“ бейсенбі күні Конференция лигасының іріктеу матчына шығады. Қазақстанның аптап ыстығында, үш сағаттық уақыт айырмасымен қиын әрі күтпеген қарсыласпен ойнау оңай болмайтыны анық", – деп жазады чехиялық журналистер. 

Маңызды матчтар қашан өтеді?

Бірінші кездесу 24 шілде күні Ақтөбеде өтеді. Қарымта матч 31 шілде Прагада (Чехия) жоспарланған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары