Қорғаныс пен шабуыл шебінде әлі де өзгерістер болуы мүмкін.
Англиялық «Ливерпуль» клубы жуырда шабуылшы Уго Экитикені сатып алды. Бірақ мерсисайдтық команда мұнымен тоқтап қалмақ емес. Танымал инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, клуб жоспарлы түрде құрамды күшейтуді әлі де жалғастырады.
Жақында белгілі болғандай, «Айнтрахт» (Германия) клубы Уго Экитикені сатып алу жөніндегі 79 миллион фунт стерлингті құрайтын ұсынысты қабылдап, футболшыны медициналық тексеріске жіберді.
Егер келісім толық аяқталса, бұл «Ливерпульдің» 2025 жылғы жазғы трансферінде жұмсаған қаржысының жалпы көлемі 300 миллион фунтқа жуықтайды.
Арне Слоттың командасы қазіргі таңда орталық қорғаушы іздеумен айналысып жатыр. Себебі:
Осыған байланысты «Ливерпуль» мына қорғаушыларға назар аударып отыр:
Сонымен қатар клуб сапындағы Луис Диас пен Федерико Кьезаның болашағы да белгісіз. Егер бұл ойыншылар командадан кетсе, жаңа фланг шабуылшысы алу мәселесі күн тәртібіне шығуы мүмкін.