Ағылшын Премьер-лигасының жаңа маусымына дайындық аясында Еуропа Лигасының қазіргі жеңімпазы "Тоттенхэм" Англияның үшінші дивизионындағы "Уиком Уондерерс" командасымен жолдастық кездесу өткізді.
Ойын күтпеген 2:2 есебімен тең аяқталды. "Тоттенхэм" сапынан Папе Сарр 14-ші және 66-шы минуттарда гол соқты. Ал қонақтардан Гвинея-Бисау құрамасының өкілі Джуниор Китирна 32-ші және 50-минуттарда мергендігімен көзге түсті.
Айта кетейік, "Уиком Уондерерс" клубының иесі – қазақстандық кәсіпкер, миллиардер Михаил Ломтадзе. 2024 жылдың мамыр айында оның клубтың бақылау пакетіне ие болғаны ресми түрде жарияланған еді.