Бақтиер Зайнутдинов ресейлік клубқа өтудің алдында медициналық тексеруден өтті
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасының (РПЛ) клубына ауысу алдында сәтті медициналық тексеруден өтті. Футболшының жаңа клубы мәскеудің "Динамосы".
instagram/@bateka_11
Трансфердің құны мен мерзімі
Түркияның "Бешикташынан" "Динамоға" өтетін Зайнутдиновтың трансфер құны бонустарды қоса есептегенде шамамен 3 миллион еуроға тең. Келісімшарт алдағы 1-2 күн ішінде ресми түрде жабылады.
Зайнутдиновтың мансабы
27 жастағы жартылай қорғаушы Ыстамбұлға қоныс аудармай тұрып Ресейде ойнаған. "Ростов" сапында — 35 матч және ЦСКА құрамында 83 ойын өткізді.
Түркия чемпионатындағы биылғы маусымда жарақатқа байланысты тек 9 кездесу өткізіп үлгерді. Футболшының "Бешікташпен" келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet