Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Көптен күткен трансфер жүзеге асты: Дьокереш "Арсенал" cапында

Редактор Penalty.kz
27.07.2025, 10:33

Лондондық "Арсенал" ресми түрде швециялық шабуылшы Виктор Дьокерештің "Спортингтен" ауысқанын жариялады. Келісімшарт 2030 жылға дейін есептелген.

arsaman.ru
arsaman.ru

25 жастағы форвард 2024/25 маусымында Португалия чемпионатында 29 гол соғып, Еуропаның ең үздік шабуылшыларының қатарына енген болатын. Оның жарқын ойыны Англия клубтарының назарын аудартқаны сөзсіз.

"Арсеналдың" бас бапкері Микель Артета бұған дейін шабуыл шебін күшейту қажет екенін бірнеше рет атап өткен. Бұл трансфер сол қажеттілікті өтеуге бағытталған нақты қадам болып отыр.

Келісімнің егжей-тегжейі

Келісімнің қаржылық шарттары ресми түрде жарияланған жоқ. Алайда британдық басылымдардың хабарлауынша, трансфер сомасы £75 миллион фунт стерлинг шамасында болуы мүмкін — бұл "Арсенал" тарихында ең қымбат шабуылшылардың бірі етті.

Трансферге кедергі болған не?

Бұл трансфер бір күнде шешіле салған жоқ. Дьокерештің "Спортингпен" келісімшартында қомақты шығу ақысы болған (кей деректерге сүйенсек, £85 млн шамасында), бұл келіссөздерді қиындатты. Сонымен қатар футболшыға қызығушылық танытқан клубтар аз болған жоқ. Англиялық «Челси», «Манчестер Юнайтед» және немістің «Бавариясы» Дьокерешке ұсыныс білдіргені туралы хабарлар тараған. Тіпті кей сарапшылар «Арсеналдың» трансфері құлап қалуы мүмкін деген болжам жасаған.

Дьокерештің өзі де шешім қабылдауға біраз уақыт жұмсаған. Бірақ нәтижесінде оның таңдауы «Арсенал» болды. 

«Келіссөздер оңай болмады, бірнеше клубпен байланыс болды. Бірақ менің жүрегім “Арсеналға” тартты», – деді шабуылшы Sky Sports арнасына берген қысқаша пікірінде.

Виктор Дьокереш жаңа клубқа өткеніне риза екенін айтты:

«Арсенал» сияқты ұлы клубқа қосылғаныма қуаныштымын. Премьер-лигада ойнау – әрбір футболшының арманы. Бұл мен үшін үлкен мүмкіндік», – деді ол клубтың ресми сайтында жарияланған сұхбатында.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір