Қазақстандық миллиардердің клубы "Тоттенхэмге" қарсы сенсация жасады (ВИДЕО)
Ағылшын Премьер-лигасының жаңа маусымына дайындық аясында Еуропа Лигасының қазіргі жеңімпазы "Тоттенхэм" Англияның үшінші дивизионындағы "Уиком Уондерерс" командасымен жолдастық кездесу өткізді.
Сенсациялық тең ойын
Ойын күтпеген 2:2 есебімен тең аяқталды. "Тоттенхэм" сапынан Папе Сарр 14-ші және 66-шы минуттарда гол соқты. Ал қонақтардан Гвинея-Бисау құрамасының өкілі Джуниор Китирна 32-ші және 50-минуттарда мергендігімен көзге түсті.
Клуб иесі – қазақстандық миллиардер
Айта кетейік, "Уиком Уондерерс" клубының иесі – қазақстандық кәсіпкер, миллиардер Михаил Ломтадзе. 2024 жылдың мамыр айында оның клубтың бақылау пакетіне ие болғаны ресми түрде жарияланған еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet