Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ливерпуль" шабуылшысы "Баварияға" ауысқалы жатыр

Редактор Penalty.kz
27.07.2025, 21:05

Қос тарап қазіргі уақытта келісімге келуге тым жақын. 

dynamo.kiev.ua
dynamo.kiev.ua

Мюнхендік "Бавария" клубы "Ливерпуль" шабуылшысы Луис Диасты сатып алуға жақын. Қос тарап қазіргі уақытта келісімнің соңғы детальдарын пысықтап жатыр.

«Баварияның» ұсынысы – 69 млн фунт

Бұған дейін "Бавария" Луис Диас үшін 58.5 миллион фунт стерлинг көлемінде бастапқы ұсыныс жасаған болатын. Алайда "Ливерпуль" бұл ұсынысты бірден қабылдамай, ойыншының трансфер құнын жоғарырақ белгілеген.

Жаңа мәліметке сәйкес, неміс гранды ұсынысты 69 миллион фунтқа дейін көтеріп, қызылдардың талаптарына жақындай түсті.

Луис Диас кеткісі келетінін жасырмады

28 жастағы колумбиялық футболшы клуб басшылығына Мюнхенге ауысуға ниетті екенін ашық жеткізген. Бұл жайт келіссөз процесінің жылдам жүруіне әсер етіп отыр.

Қазіргі таңда "Бавария" мен "Ливерпуль" арасында соңғы келісім шарттар мен бонустар жайлы талқылау жүріп жатыр. Сондықтан трансфер алдағы күндері ресми жариялануы әбден мүмкін.

Диастың "Ливерпульдегі" статистикасы

  • Луис Диас "Ливерпульге" 2022 жылдың қаңтарында "Порту" клубынан 37.5 млн фунтқа + бонус жүйесімен ауысқан болатын.
  • Қазіргі келісімшартының мерзімі 2026 жылға дейін жарамды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір