
Ағылшын футболының жарқын жұлдызы, қазір «Барселонада» жалға ойнап жүрген Маркус Рэшфорд әлеуметтік желіде «Арсенал» жанкүйерінің пікіріне жауап беріп, қызу талқылауға себеп болды.
Күні кеше «Манчестер Юнайтедтен» Рэшфорд «Барселонаға» жалға ауысып, испандық клубпен келісімшартқа отырды. Бұл трансфер көпшілікті таңдандырды, алайда шабуылшы өзінің жаңа клубында жаңа белестерді бағындыруға ниетті екендігін білдірді.
Instagram желісінде бір жанкүйер – Майки Смит — Рэшфордтың ауысымына байланысты келемеж пікір қалдырды:
«Сен «Арсеналдан» қорқып, Ла Лигаға қаштың».
Бұл пікірге Рэшфорд бірден жауап беріп, өзінің клубтық жетістіктерін атап өтті:
«Менде 10 жыл ішінде– 1 еуропалық трофей бар. Ал «Арсеналда» 137 жылда – 0 еуропалық трофей», – деп жазды ол.
Бірақ бұл жауап көп ұзамай өшірілді. Алайда жанкүйерлер бұл пікірді скриншоттап үлгерді, енді дәл сол пост астында «қайда Рэшфордтың жауабы?» деген сұрақтар көбейіп кетті. Бұл әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр.
Рэшфорд расымен де 2016 жылы кәсіпқой мансабын бастаған сәттен бастап, 2017 жылы «Манчестер Юнайтедпен» бірге УЕФА Еуропа лигасын (Europa League) жеңіп алған. Бұл – оның мансабындағы жалғыз еуропалық титул.
Алайда Рэшфордтың сөзі толығымен шындыққа жанаса бермейді. Өйткені «Арсенал» футбол клубының тарихында екі еуропалық жетістік бар:
Әлеуметтік желідегі эмоциялық жауаптар ойыншылардың беделіне де, клубаралық қарым-қатынастарға да әсер етуі мүмкін. Рэшфордтың жауабы көпшілік тарапынан сынға ұшырап, футбол әлеміндегі тағы бір қызу пікірталасқа себеп болды. «Барселонадағы» жаңа кезеңінде шабуылшыға өз сөзі емес, ісі арқылы дәлелдеуге тура келеді.