Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"ПСЖ" жұлдызы зорлау ісі бойынша 15 жылға түрмеге қамалудың алдында тұр

Редактор Penalty.kz
02.08.2025, 04:06

Франция прокуратурасы "Пари Сен-Жермен" клубының және Морокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакимиге қатысты зорлау ісі бойынша сот тергеуін бастауды талап етті. Егер айыптау қорытындысы қабылданса, футболшыны 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

news18.com
Реклама
Реклама

Оқиға қалай басталды?

Инцидент 2023 жылдың ақпан айында болған. Белгісіз бойжеткен полицияға арыз түсіріп, Хакими оны өз үйінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін мәлімдеген. Жәбірленуші оқиға орнынан қашып, бірден шағым түсірген.

"Менің клиентім прокуратураның істі сотқа жіберу шешімін жеңілдікпен қабылдады", – деді жәбірленушінің адвокаты Рейчел-Флоре Пардо Le Parisien басылымына.

Қорғаушы не дейді?

Ашраф Хакимидің адвокаты Фанни Колин айыптауларды толығымен жоққа шығарды:

"Прокуратураның талабын абсурд деп есептейміз. Психологиялық сараптама мен басқа да дәлелдер жәбірленушінің сөзін теріске шығарады. Егер өтініш қанағаттандырылса, біз апелляцияға береміз", – деді қорғаушы.

Ал Хакими өз кінәсін мойындамай, бопсалаудың құрбаны болғанын алға тартып отыр.

Қазір 26 жастағы Ашраф Хакими заманауи футболдың ең беделді қорғаушыларының бірі саналады. Ол:

  • екі дүркін Чемпиондар лигасының жеңімпазы,
  • төрт мәрте Франция чемпионы,
  • Олимпиаданың қола жүлдегері.

Мансабында Мадридтің "Реалы", Дортмундтың "Боруссиясы" және "Интер" сынды еуропалық грандтарда ойнаған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары