Реклама
Реклама

Криштиану Роналду мезгілсіз қайтыс болған португалиялық аңызға құрмет білдірді

Сарапшы, спорт журналисі
06.08.2025, 13:25

"Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду 54 жасында өмірден озған "Порту" клубының бұрынғы капитаны Жорже Коштаның қазасына байланысты көңіл айтты.

spl.com.sa

Роналдудың әлеуметтік желідегі жазбасы

Криштиану Роналду өзінің ресми парақшасында қысқа, бірақ жүрекке тиерлік сөздер жазды:

“Кездескенше. Мәңгілікке, Жорже Кошта”

Бұл сөздер — Португалия футболындағы із қалдырған тұлғаға деген құрметтің көрінісі.

Жорже Кошта кім еді?

Жорже Кошта — "Порту" клубының түлегі. Ол 1990 жылдан 2005 жылға дейін "айдаһарлар" құрамында өнер көрсетіп, ұзақ уақыт бойы капитан болған.

ФОТО: sport24.ru

Оның жетістіктері:

  • 8 мәрте Португалия чемпионы
  • 5 Кубок иегері
  • 8 Суперкубок жеңімпазы
  • Чемпиондар лигасы, УЕФА кубогы және Интерконтиненталдық кубок иегері

Футболдағы мансабын аяқтағаннан кейін жаттықтырушылық жолын таңдаған. 2011/2012 жылғы маусымда Румынияның "ЧФР Клуж" клубын чемпион атандырған.

Реклама
Реклама