Ағылшын Премьер-лигасында күтпеген трансфер жаңалығы тарады. Лондондық "Челси" "Манчестер Юнайтедтің" жас жұлдызы Алехандро Гарначоны өз қатарына қосқысы келеді.
Инсайдер Бен Джейкобстың деректеріне сүйенсек, "Юнайтед" 20 жастағы аргентиналық ойыншы үшін кем дегенде 40 миллион фунт стерлингтен жоғары сома сұрап отыр. Гарначо соңғы маусымда тұрақты түрде негізгі құрамда ойнап, өзінің жылдамдығы мен шабуылдағы батылдығымен көзге түсті.
Гарначоның трансфері айналасындағы жағдаймен де күрделеніп отыр. Бұған дейін "қызыл сойқандардың" бас бапкері Рубен Аморим аргентиналық ойыншыны негізгі құрамнан шеттетіп, тіпті командамен бірге жаттығуға тыйым салғаны. Бұл шешімнің себебі нақты айтылмаса да, клуб ішіндегі тәртіп немесе тактикалық себептерге байланысты болуы мүмкін.