"Қайрат" пен "Слован" арасындағы тарихи жеңістен кейін әлеуметтік желілерде дау туды. Кейбір жанкүйерлер клубты матчты сатып алды деп айыптап, төрешілердің шешімдерін әділетсіз деп бағалады.
“Қайраттың” УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде “Слованды” жеңуі әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Offside.kz мәліметінше, TikTok-та бірқатар жанкүйер қазақстандық клубты төрешілерді сатып алды деп айыптады.
Нидерландтан келген бас төреші Сердар Гэзюбююк бастаған қазылар алқасының бұл шешімдердің соңы сынға әкелді. Кейбір жанкүйерлер тіпті УЕФА-ны “мафия” деп атады.
Дегенмен, барлығы бұл айыптаулармен келіспеді. Қазақстандық бір қолданушы әзілмен:
“Қайраттың” төрешіні сатып алуға ақшасы жетпейді”, – деп пікір қалдырды.
Айта кетейік, бұл жеңіс – “Қайраттың” Чемпиондар лигасында дәл осы кезеңде алғаш рет жеңіске жетуі. Шешуші голды 16 жастағы форвард Дастан Сәтпаев пенальтиден соқты.