Халықаралық футбол федерациясы (ФИФA) Ресей ұлттық құрамасының осы күзде өткізетін жолдастық матчтарына қатысты түбегейлі шешім қабылдады.
Бұған дейін белгілі болғандай, Ресей құрамасы 12 қарашада Санкт-Петербургте Перу құрамасымен, ал 15 қарашада Сочидегі "Фишт" стадионында Чили құрамасымен кездеседі.
ФИФA аталған екі ойынды ресми түрде рейтингтік матч ретінде тіркеді.
"Перу және Чили құрамаларымен өтетін ойындар ФИФA рейтингіне есептеледі", – деп хабарлады Ресей футбол одағының баспасөз қызметі РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
Ресей құрамасы Перумен ресми түрде алғаш рет кездеседі. Дегенмен КСРО құрамасы оңтүстікамерикалық командамен үш ойын өткізіп, екі жеңіс және бір тең нәтиже көрсеткен.
Кеңестік команда Чилимен алты рет ойнаған – төрт жеңіс, бір тең ойын және бір жеңіліс. Ресей мен Чили арасындағы жалғыз ресми матч 2017 жылы Мәскеуде өткен, есеп – 1:1.
Еске сала кетсек, 2022 жылдың ақпан айынан бері Ресей құрамасы ФИФA және УЕФА шешімімен халықаралық турнирлерден шеттетілген.