
"Қайраттың" Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев UEFA Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі алдындағы жеке кездесуі туралы әңгімеледі.
Ол бұл матч қарсаңында "Слованның" бас бапкері және "Қайраттың" бұрынғы жаттықтырушысы Владимир Вайсспен Алматыда жолыққанын хабарлады.
"Иә, біз Владимирмен ескі достардай кездестік. Үш жыл бірге жұмыс істедік. Ол "Қайраттың" дамуына үлкен үлес қосты. Вайсс — еуропалық көзқарасты қалыптастырған алғашқы жаттықтырушылардың бірі, біз одан көп нәрсе үйрендік. Ол ең табысты мамандардың қатарында: "Қайраттан" кейін Грузия құрамасымен керемет жұмыс атқарып, Еуропа чемпионатына бір қадам қалғанда тоқтады. Қазір болса Словакияның жетекші клубы — "Слованды" сәтті басқаруда", — деді Боранбаев.
Боранбаев олардың әңгімесінде "Бордомен" болған тарихи матчтарды еске алғанын айтты. Сол кезде "Қайрат" Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өте жақын болған еді.
"Бізде ортақ естеліктер көп. Қарым-қатынасымыз әлі де достық деңгейде. Жалпы "Қайратта" жұмыс істеген барлық бапкерлермен байланысымыз бар. Сөйлесіп тұрамыз, әрқашан табыс тілейміз", — деп қосты ол.
Айта кетейік, 6 тамыз күні Алматыда өткен алғашқы ойында Рафаэль Оразбахтиннің шәкірттері 1:0 есебімен жеңіске жетті.
90-шы минутта 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев пенальтиден жеңіс голын соқты.