Қазақстан ұлттық құрамасы мен Мәскеудің "Динамо" жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов бұрынғы әріптесі, португалиялық Жедсон Фернандешпен байланыста екенін айтып, оған Ресейдегі өмірге тез бейімделуге көмектескісі келетінін жеткізді.
Жедсон Фернандеш жуырда Мәскеудің “Спартагымен” келісімшартқа отырды. Оған дейін ол Түркияның “Бешікташ” сапында өнер көрсеткен. Дәл сол клубта Фернандеш пен Зайнутдинов алғаш бірге ойнаған еді.
Бақтиер Зайнутдинов:
“Жедсон “Спартакқа” ауысқаннан кейін жазысқанбыз. Оны кешкі асқа шақырып, Мәскеуді көрсеткім келеді. Стамбулда біз өте жақсы қарым-қатынаста болдық. Командаға алғаш келгенімде ол маған көп қолдау көрсетті. Енді – менің кезегім”.
Шілде айының соңында екі футболшы да жаңа маусымды жаңа командаларда бастады: