Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Жасанды газон обыр ауруына әкеле ме? Ғалымдар мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі
13.08.2025, 15:45

Нидерланд ғалымдары жасанды газонда доп тепкен балаларда қатерлі ісіктің пайда болуы мүмкін екенін анықтады.

fonwall.ru
fonwall.ru

Нидерланд ғалымдары жасанды газон мен балалар-футболшылар арасында лимфома ауруы арасында байланыс барын анықтады. Әсіресе қақпашылар қатты қауіпке ұшырайды екен. Яғни олар жиі құлап, жамылғымен тікелей жанасады. 2025 жылдан бастап бұл елде кәсіби футболда жасанды газонға тыйым салынады, ал 2030 жылға қарай мұндай алаңдар мүлде жойылады.

Қауіп неден туындайды?

Жасанды газон полипропилен, полиэтилен және полиамид сияқты полимерлі талшықтардан жасалады. Лимфома – иммундық жүйе жасушаларының қатерлі ісікке айналуынан туындайтын онкологиялық ауру. Оның белгілеріне қызба, салмақ жоғалту, түнгі тершеңдік және лимфа түйіндерінің ұлғаюы жатады.

Қазақстандағы жағдай

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) Сертификация және аттестация департаментінің директоры Еражан Мұсабеков 2023 жылы жасанды және табиғи газондарға арналған ұлттық стандарт бекітіліп, 2024 жылдан күшіне енгенін айтты. Соған қарамастан, еліміздің оңтүстік өңірлерінде жасанды жамылғы төселе беруде.

“Біз Қызылорда стадионында табиғи газон болуына күш салдық. Бірақ тапсырыс берушілер — акиматтар мен спорт басқармалары — жасандысын таңдады. Өкінішке қарай, ФИФА бұл жамылғыны тыйым салмайды, егер ол талапқа сай болса”, — деді Мұсабеков.

ҚФФ-ның жасанды газон төсеуге тыйым салуға заңды құқы жоқ, тек ұсыныс бере алады. Ал оған құлақ аса бермейтіндер көп.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір