"Оны кешкі асқа шақырғым келеді": Зайнутдинов "Спартак" легионеріне қолдау көрсетті

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Мәскеудің "Динамо" жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов бұрынғы әріптесі, португалиялық Жедсон Фернандешпен байланыста екенін айтып, оған Ресейдегі өмірге тез бейімделуге көмектескісі келетінін жеткізді.

"Оны кешкі асқа шақырғым келеді": Зайнутдинов "Спартак" легионеріне қолдау көрсетті
sportarena.kz

Ыстамбұлдан Мәскеуге дейінгі достық

Жедсон Фернандеш жуырда Мәскеудің “Спартагымен” келісімшартқа отырды. Оған дейін ол Түркияның “Бешікташ” сапында өнер көрсеткен. Дәл сол клубта Фернандеш пен Зайнутдинов алғаш бірге ойнаған еді.

Бақтиер Зайнутдинов:
“Жедсон “Спартакқа” ауысқаннан кейін жазысқанбыз. Оны кешкі асқа шақырып, Мәскеуді көрсеткім келеді. Стамбулда біз өте жақсы қарым-қатынаста болдық. Командаға алғаш келгенімде ол маған көп қолдау көрсетті. Енді – менің кезегім”.

Екі жол, екі клуб

Шілде айының соңында екі футболшы да жаңа маусымды жаңа командаларда бастады:

  • Бақтиер Зайнутдинов – “Динамо” (Мәскеу)
  • Жедсон Фернандеш – “Спартак” (Мәскеу)
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір