Реклама
Реклама

"Астана" 2025/26 маусымдағы еурокубоктан қанша пайда тапты?

Сарапшы, спорт журналисі
14.08.2025, 21:25

"Астана" ФК 2025/26 жылғы еурокубоктық маусымын Швейцарияның "Лозанна" клубына қарсы сәтсіз аяқтады. 

kazfootball.kz

Швейцариядағы және Астанадағы ойын нәтижелері

Үшінші іріктеу кезеңінде өткен алғашқы ойында "Астана" сырт алаңда1:3 есебімен есе жіберді. Қарымта матчта да басымдық қарсыласқа бұйырып, 0:2 есебімен ұтылды. Осылайша қазақстандық клуб еурокубоктық додадағы жорығын тоқтатты.

Қаржылық нәтиже

Ағымдағы маусымда "Астана" еурокубоктан 900 мың еуро (шамамен 566,6 миллион теңге) табыс тапты. Маусым аяқталған соң бұл сомаға телетрансляция және маркетингтік құқықтардан түсетін қосымша төлемдер қосылады.

Турнир жолы

"Астана" Конференция лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастады. Алғашында елордалықтар Молдованың "Зимбру" командасын қос ойын қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңіп, үшінші кезеңге жолдама алған.

Реклама
Реклама