Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Манчестер Сити" жұлдызды футболшымен келісімге келді

Сарапшы, спорт журналисі
14.08.2025, 23:03

Ағылшын премьер-лигасының чемпионы "Манчестер Сити" 26 жастағы италиялық қақпашы, "Пари Сен-Жермен" ойыншысы Джанлуиджи Доннаруммамен жеке келісімшарт талаптарын толықтай келісіп қойды. 

sports.ru
sports.ru

"ПСЖ" -дағы жағдай және кету себебі

Доннарумма өткен маусымда париждік клубқа төрт бірдей трофей, соның ішінде тарихтағы алғашқы Чемпиондар лигасын жеңіп алуға көмектесті. Бірақ бас бапкер Луис Энрике қақпаға Люка Шевальені негізгі нөмір ретінде бекіткеннен кейін италиялық жұлдыз командадан кету туралы шешім қабылдады.

"ПСЖ" тарапынан жалақысын қысқарту ұсынылғаны да белгілі болды. Бұл шешімді Доннарумма әділетсіз деп бағалап, жаңа клуб іздеуге кірісті.

Қаржылық шарттар және трансфер перспективасы

Егер келісім толық жүзеге асса, қақпашы "Ситиде" жылына 12 миллион еуродан аса табыс табады (аптасына шамамен 200 мың фунт). Оның агенті Энцо Райола бұған дейін Ағылшын премьер-лигасын ойыншы үшін ең қолайлы бағыт деп атаған болатын.

"Манчестер Юнайтед" Доннарумманы алу әрекетінен бас тартқан соң, "Сити" трансферлік жарыста басты фаворитке айналды.

Қақпаға қатысты өзгерістер

Италиялық қақпашының келуі "Сити" голкипері Эдерсонның "Галатасарайға" ауысуымен тұспа-тұс келуі мүмкін. Эдерсон түрік клубымен жеке шарттарын келісіп қойған. Доннарумма негізгі қақпашы атанса, Джеймс Траффорд қосалқы құрамдағы нөмір екінші болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір