
"Астана" ФК 2025/26 жылғы еурокубоктық маусымын Швейцарияның "Лозанна" клубына қарсы сәтсіз аяқтады.
Үшінші іріктеу кезеңінде өткен алғашқы ойында "Астана" сырт алаңда1:3 есебімен есе жіберді. Қарымта матчта да басымдық қарсыласқа бұйырып, 0:2 есебімен ұтылды. Осылайша қазақстандық клуб еурокубоктық додадағы жорығын тоқтатты.
Ағымдағы маусымда "Астана" еурокубоктан 900 мың еуро (шамамен 566,6 миллион теңге) табыс тапты. Маусым аяқталған соң бұл сомаға телетрансляция және маркетингтік құқықтардан түсетін қосымша төлемдер қосылады.
"Астана" Конференция лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастады. Алғашында елордалықтар Молдованың "Зимбру" командасын қос ойын қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңіп, үшінші кезеңге жолдама алған.