Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Жаппай төбелес: ҚФФ мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 15:18

Түркістанда 2011 жылғы жасөспірімдер арасындағы футбол матчында болған жаппай төбелеске байланысты Қазақстан футбол федерациясы кінәлілерге қатаң жаза қолданбақ. 

kff.kz
Реклама
Реклама

Түркістанда 2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы футбол орталықтары мен академияларының чемпионатында өткен «Тұран» – «Екібастұз» матчы жаппай төбелеспен аяқталды. Ойын кезінде болған бұл оқиға Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) тарапынан қатаң айыпталды.

ҚФФ ұстанымы

Федерация мәлімдемесінде футболдың құрмет, әділ бәсеке және Fair Play қағидаттарына негізделген спорт екенін атап өтті. Балалар мен жасөспірімдер тарапынан көрсетілген агрессия мен зорлық-зомбылық әрекеттері спорттық этикаға да, адамгершілік құндылықтарға да сай келмейтіні қадап айтылды.

Тергеу және жаза

Төрешілердің хаттамалары мен бейнематериалдар ҚФФ-ның Бақылау-тәртіптік және этикалық комитетіне жолданды. Арнайы отырыс келесі аптада өтеді. Федерация кінәлілерге футболдан өмір бойына шеттетуге дейін қатаң шара қолданылатынын ескертті.

Қатаң ескерту

ҚФФ басшылығы мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін, алаңда да, оның сыртында да барлық қатысушылар тәртіп ережелері мен этикалық нормаларды сақтауы тиіс екенін айтты.

«Қазақстан футболы өрескел әрекеттермен емес, шынайы спорттық бәсекемен танылуы керек», – делінген мәлімдемеде.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары