
Эмоцияға берілген ирандық футболшы даулы сәтті талқылау кезінде арбитрдің кеудесіне қолын тигізгені үшін екінші сары қағазын алды.
Ресей футболында бұрын-соңды болмаған оқиға орын алды — Кубок ойынында «Ростов» ойыншысы әйел төрешінің кеудесіне қол тигізгені үшін алаңнан қуылды.
Кездесуде Мұхамед Мохеби төреші Опейкинаға даулы сәт туралы пікірін білдіріп жатқанда, эмоцияға беріліп, оның кеудесіне қолын тигізіп қойған. Бұған дейін VAR көмегімен төреші «Пари НН» қақпасына белгіленген пенальтиді офсайд себебімен кері қайтарған еді.
Аталған әрекет ойыншыға екінші сары қағаз болып, тікелей қызыл карточкаға ұласты.
Спорттың кез келген түрінде төрешіге қол тигізу — қатаң тыйым салынған әрекет. Бұл төрешіге қысым көрсету, агрессия немесе құрметсіздік ретінде бағаланады. FIFA/IFAB ережелеріне сәйкес, мұндай қасақана физикалық байланыс «violent conduct» (қатігез әрекет) немесе «unsporting behaviour» (спортқа жат қылық) болып саналып, тікелей алаңнан қуылуға әкеледі.
Чемпионат.com атап өткендей, «Ресей футболында мұндай жағдай бұрын болған емес». Егер эпизод ер төрешіге қатысты болса, бәлкім шешім жұмсағырақ болар ма еді, бірақ әйел төрешіге қатысты мұндай әрекет арбитражда өте сезімтал тақырып саналады.