
Танымал футбол басшысы Қайрат Боранбаев Алматыдағы Орталық стадионның Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ойындарды қабылдауға толық дайын екенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, алаңның сапасы жоғары, ал қалған инфрақұрылымдық талаптар УЕФА стандарттарына сай реттеледі.
“Дәл қазір Орталық стадионның алаңы толық дайын. Әрине, УЕФА тарапынан белгілі бір талаптар болады, оларды орындау керек. Алматы әкімдігімен байланыстамыз, стадионды жаңарту жоспары бар. Бұл кездесулерді міндетті түрде өткіземіз”, — деді Боранбаев “Тотальный футбол КЗ” телеграм арнасына берген сұхбатында.
Қазір “Қайрат” Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Енді олар Шотландияның “Селтигімен” топтық кезең жолдамасын сарапқа салады.
Плей-офф кестесі:
Егер “Кайрат” “Селтикті” жеңсе, бұл Қазақстан футбол тарихында сирек кездесетін жетістік болмақ. Алматы үшін де бұл — қаланың инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін Еуропа аренасында көрсетуге үлкен мүмкіндік.