Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қайрат Боранбаев: "Орталық стадион Чемпиондар лигасына дайын"

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 19:30

Танымал футбол басшысы Қайрат Боранбаев Алматыдағы Орталық стадионның Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ойындарды қабылдауға толық дайын екенін мәлімдеді.

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Оның айтуынша, алаңның сапасы жоғары, ал қалған инфрақұрылымдық талаптар УЕФА стандарттарына сай реттеледі.

“Дәл қазір Орталық стадионның алаңы толық дайын. Әрине, УЕФА тарапынан белгілі бір талаптар болады, оларды орындау керек. Алматы әкімдігімен байланыстамыз, стадионды жаңарту жоспары бар. Бұл кездесулерді міндетті түрде өткіземіз”, — деді Боранбаев “Тотальный футбол КЗ” телеграм арнасына берген сұхбатында.

“Қайрат” тарих жасаудың алдында

Қазір “Қайрат” Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Енді олар Шотландияның “Селтигімен” топтық кезең жолдамасын сарапқа салады.

Плей-офф кестесі:

  • 20 тамыз. Глазго — “Селтик” – “Қайрат”
  • 26 тамыз. Алматы — “Қайрат” – “Селтик”

Маңызы

Егер “Кайрат” “Селтикті” жеңсе, бұл Қазақстан футбол тарихында сирек кездесетін жетістік болмақ. Алматы үшін де бұл — қаланың инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін Еуропа аренасында көрсетуге үлкен мүмкіндік.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары