Ағылшын Премьер-лигасының жаңа маусымы әсерлі басталды. Чемпиондық атағын қорғап жатқан "Ливерпуль" "Борнмутты" қабылдап, 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұл кездесуде Арне Слот төрт бірдей жаңа ойыншысын негізгі құрамға қосты: Джереми Фримпонг, Милош Керкез, Флориан Вирц және Уго Экитике. Ал “Борнмут” Джордже Петрович, Бафоди Диаките және Адриен Трюфферді алғаш рет шығарды.
Өткен маусымда Арне Слот шәкірттері 84 ұпаймен чемпион атанған. Ал “Борнмут” 56 ұпай жинап, турнирлік кестенің тоғызыншы сатысына тұрақтады.