Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев алдағы қыркүйек айында өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін ұсынды. Құрама сапына 36 ойыншы енді.
Қақпашылар
- Мұхаммеджан Сейсен («Астана»)
- Александр Заруцкий («Қайрат»)
- Бекхан Шайзада («Ордабасы»)
- Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»)
Қорғаушылар
- Әлібек Қасым («Ақтөбе»)
- Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – «Астана»)
- Нұралы Әліп («Зенит», Ресей)
- Роман Асранкулов, Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (бәрі – «Тобыл»)
- Еркін Тапалов («Қайрат»)
- Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»)
- Әділбек Жұмаханов («Елімай»)
- Арсен Әшірбек («Оқжетпес»)
Жартылай қорғаушылар
- Ислам Чесноков («Тобыл»)
- Бақтиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей)
- Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»)
- Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де – «Оқжетпес»)
- Исламбек Қуат, Дінмұхаммед Қараман (екеуі де – «Жеңіс»)
- Георгий Жуков («Ақтөбе»)
- Муроджон Халматов, Эльхан Астанов (екеуі де – «Ордабасы»)
- Дамир Қасабулат («Қайрат»)
Шабуылшылар
- Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»)
- Максим Самородов («Ахмат», Ресей)
- Айбар Жақсылықов («Қайсар»)
- Дастан Сатпаев («Қайрат»)
- Алияр Мұхамед («Оқжетпес»)
- Иван Свиридов («Елімай»)
Құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанада басталады. Ұлттық құрама қыркүйекте екі ойын өткізеді. 4 қыркүйек – Уэльске қарсы матч (Астана Арена, 19:00). Екіншісі, 7 қыркүйек күні сырт алаңда Бельгияға қарсы кездесу.