
Ағылшын шабуылшысы Маркус Рэшфорд Каталонияға ауысқаннан кейін бұрынғы қалыңдығы Люсиямен қайта бірге жүргені белгілі болды.
23 шілдеде "Манчестер Юнайтедтен" жалға "Барселонаға" ауысқан Маркус Рэшфорд жеке өмірімен де жаңалықтың басына шықты. Әлеуметтік желілерде футболшының Люсия есімді бұрынғы қалыңдығымен бірге көлікте отырған видеосы тарап кетті.
Ағылшын басылымдарының жазуынша, футболшы тек сезімнің жетегінде емес, сонымен қатар Испанияда орнығу үшін де Люсиядан қолдау сұраған. The Sun мәліметінше:
"Қызыл сойқандардан” қуғынға ұшыраған шабуылшы Испанияға бейімделуіне көмектесуі үшін 26 жастағы Люсияға қайта оралды. Осылайша ол футболға толығымен көңіл бөле алады".
Маркус пен Люсия мектеп кезінен танысқан.
2016 жылдың ақпанында Рэшфорд "Манчестер Юнайтед" сапында дебют жасағанда екеуі қарым-қатынаста болған.
2022 жылы футболшы сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Бірақ бір жылдан соң Майамиде белгісіз модельмен бірге көрінген Маркусқа байланысты олардың той жоспары бұзылды.
Кейін спортшының Грэйс Джексон есімді арумен қарым-қатынасы жайлы қауесет тарады, алайда ол да расталмады.
Қазір болса, Испанияда Рэшфорд қасында қайтадан мектеп кезінен бірге жүрген сүйіктісін ертіп жүр.
27 жастағы ағылшын шабуылшысы соңғы маусымды "Астон Вилла" сапында жалға ойнаған. Енді "Барселонада" өз орнын тауып, жанкүйерлер сенімін ақтауы тиіс.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ Рэшфордтың жаңа сүйіктісі Швецияның жартылай кәсіби теннисшісі Джаки Пальм екенін жазған еді. Дегенмен Испанияға ауысқан соң ол Люсиямен қайта қауышқан сияқты.