
Қарағандының «Шахтері» басшылық ауысуы мүмкін. Клубтың қазіргі директоры Талғат Дүсеков жақын күндері қызметінен кететіні жайлы ақпарат тарады.
Қарағандылық «Шахтер» клубында кадрлық өзгерістер орын алуы ықтимал. Клуб президенті Талғат Дюсеков жақын күндері өз қызметінен кетуі мүмкін. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
«Шахтер» маусым басталғанда Бірінші лиганың басты фавориттерінің бірі саналған еді. Алайда 18 турдан кейін қарағандылықтар небәрі төртінші орында тұр. Команда көшбасшы «Каспийден» 8, ал екінші орын иеленіп тұрған павлодарлық «Ертістен» 6 ұпайға қалып келеді.
Бұл жағдай жанкүйерлер арасында да, клуб ішінде де сынға себеп болып отыр.
Кеше Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының президенті болып, Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің бірі, долларлық миллиардер Тимур Турлов тағайындалды. Forbes дерегінше, оның байлығы – 7,3 млрд доллар.
Бұл тағайындаудан кейін «Шахтерде» де өзгерістер күтіліп отыр. Сарапшылардың айтуынша, қаржысы мықты инвестордың келуі клубты жаңа даму сатысына шығара алады.
Қарағанды клубы – Қазақстан футбол тарихындағы ең табысты командалардың бірі. «Шахтер»: