Алғашқы ойында «Қайрат» сенімді ойын көрсетіп, «Селтикке» қарсы тең түсті.
Чемпиондар лигасы плей-оффындағы алғашқы матчтан кейін қазақстандық сарапшы “Қайраттың” еурокубоктағы тағыдарына қатысты оптимистік пікір білдірді.
Қазақ футболының бұрынғы ойыншысы, қазіргі таңда Шымкенттегі футбол академиясының жетекшісі Ельмар Набиев Sports.kz басылымына берген сұхбатында «Селтик» пен «Қайрат» арасындағы алғашқы ойынды (0:0) жоғары бағалады.
«Ойыннан алған әсерім өте жақсы. „Селтик“ әлсіз ойнады, ал „Қайрат“ керісінше жақсы өнер көрсетті. Егер алматылық футболшылар сәл сабырлырақ болса, Глазгодағы кездесуден сенсациялық жеңіспен кетер еді. Сенімдімін, Алматыда аншлаг болады, „Қайрат“ тарихи жеңіске жетіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығады. Бұған толықтай сенемін!», — деді ол.
Еске салайық, «Қайрат» пен «Селтик» арасындағы қарымта ойын 26 тамыз күні Алматыда өтеді. Кездесу жергілікті жанкүйерлер үшін маусымдағы ең маңызды матчтардың бірі болмақ.