
Қазақстандық спорт журналисі әрі комментатор Ербол Қайыров ел футболындағы келісілген ойындар мәселесіне тоқталды.
Қайыровтың айтуынша, қазақстандық футболда негізгі сценарист бар екенін барлығы біледі. Бірақ оны әлі күнге дейін шеттету мүмкін болмай отыр деп хабарлайды BorodAbata.kz.
Ербол Қайыров:
“Келісілген матчтармен күрес – жел диірменімен соғысқанмен бірдей. Қазақстан футболының басты сценарисін бәрі біледі, бірақ оны ешкім тоқтата алмайды. Керісінше, федерацияға жұмысқа шақырып жүр”.
Журналист бірнеше ойынды ерекше атап өтті. Оның айтуынша, соңғы жылдары бірқатар матч келісілген ойынға ұқсайды:
Сонымен қатар Қайыровтың пікірінше, тағы да басқа ойындар бар. Бірақ олардың бәрін тізіп шығу мүмкін емес.
Қорытындысында журналист Қазақстан футбол федерациясының басшылығына тікелей үндеу жасады.
Ербол Қайыров:
“Омаров пен Лория! Ақыры біздің футболды тазартуға сіздердің жігерлеріңіз жете ме?”