Сербияның «Црвена Звезда» клубының бас бапкері Владан Милоевич өз командасының Еуропа Лигасының жалпы кезеңіндегі «Селтикпен» өтетін матчы алдында Глазго клубының алматылық «Қайратпен» Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіндегі қарым-қатынасы жайлы пікір білдірді.
Еске сала кетейік, «Қайрат» пен «Селтик» арасындағы екі ойында да ойыннан гол соғылмады, ал шешуші матчтағы пенальти сериясында алматылықтар дәлдік танытып, тарихында алғаш рет Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.
“Әрине, ол ойында фаворит «Селтик» болған, бірақ олар «Қайратқа» қарсы кездесуде көрсеткен деңгейінен әлдеқайда сапалы команда. «Қайрат» жайлы жаман ештеңе айтқым келмейді, бірақ бұл басқа деңгей... «Селтик» — өз лигасында тамаша ойнайтын ғаламат команда. Олар ұзақ уақыт бойы Англия Премьер-лигасында жұмыс істеген керемет бапкерге ие. Ол — тамаша стратег әрі тәлімгер.
Көп нәрсені айтуға болады, бірақ «Селтик» — Чемпиондар Лигасына қатысу үшін жасалған команда. Физикалық тұрғыда олардың ойыншылары өте мықты, сонымен қатар, Шотландия чемпионатында көптеген легионерлер ойнайды. Менің ойымша, сәрсенбі күні алаңда екі жақсы команда кездеседі, — деді сербтер бапкері ойын алдындағы баспасөз мәслихатында.
«Қайрат» сол жеңістің арқасында тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шықты. Негізгі кезеңде алматылық ұжым еуропаның 8 түрлі командаларымен ойын өткізеді. Бірінші ойынды алматылық ұжым сырт алаңда португалиялық “Спортингпен” өткізген болатын. Енді келесі ойында “Қайрат” мадридтік “Реалды” өз алаңында 30 қыркүйек күні қабылдайды. Матч басталу уақыты 21:45 те. Тағы “Реалдан” бөлек “Қайрат” Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінде алты ұжыммен кездеседі: “Брюгге” (Бельгия), “Олимпиакос” (Грекия), “Арсенал” (Англия), “Интер” (Италия), “Копенгаген” (Дания) және “Пафос” (Кипр).