ҚПЛ-дің шегерілген тоғызыншы турындағы «Тобыл» — «Ордабасы» матчында Қазақстан құрамасы мен шымкенттік клубтың қорғаушысы Ұлар Жақсыбаев ауыр жарақат алды.
Ұлар Жақсыбаевта айқыш (крестообразные) сіңірлердің үзілуі мүмкін деген күдік бар. Қорғаушы жарақатты “Тобылмен” (0:1) болған ойында алды.
«Нақты диагноз кейінірек қойылады. «Ордабасы» ойыншысының жантүршігерлік айқайы бүкіл стадионға естілді. Көрермендер мен тіпті теледидар алдында отырғандар да мұнда бірдеңе болғанын бірден түсінді. Ойыншыны бірден дәрігерлер мен командаластары қоршап алды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді, егер мұндай жарақатқа бұл терминді қолдануға болса», — деп жазады “Серый Кардинал” телеграм- арнасы.
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Бельгияға қарсы ойында (0:6) Жақсыбаев негізгі құрамда толық 90 минут өткізді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының келесі ойыны 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы өтеді.