Реклама
Реклама

Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасындағы үздік ойыншылар тізіміне енді

Сарапшы, спорт журналисі
25.09.2025, 08:40

Rising Stars порталы Қазақстан құрамасының және «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сатпаевты Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бірінші турының нәтижелері бойынша 23 жасқа дейінгі үздік жас ойыншылардың апта символикалық құрамына қосты.

Дастан Сәтпаев. Фото: ФК "Қайрат"

Айта кетейік, құрам “Барселона”, “Ливерпуль” сияқты клубтардың жас ойыншыларынан жасақталған.

Команда құрамы:

  • Қақпашылар: Ной Атуболу (23 жаста, «Фрайбург»);
  • Қорғаушылар: Диего Морейра (21 жаста, «Лион»), Лука Вушкович (18 жаста, «Тоттенхэм»), Зено Дебаст (21 жаста, «Андерлехт»), Теренс Куду (20 жаста, «Ланс»);
  • Жартылай қорғаушылар: Райан Гравенберх (23 жаста, «Ливерпуль»), Габри Вейга (23 жаста, «Аль-Ахли»), Педри (22 жаста, «Барселона»);
  • Шабуылшылар: Ансу Фати (22 жаста, «Брайтон»), Нико Паз (21 жаста, «Реал Мадрид»), Дастан Сәтпаев (17 жаста, «Қайрат»).

Естеріңізге салсақ, жалпы кезеңнің бірінші турында, сырт алаңдағы ойында «Қайрат» «Спортингтен» 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары

  • 30 қыркүйек: «Қайрат» – «Реал» (21:45)
  • 21 қазан: «Қайрат» – «Пафос» (21:45)
  • 6 қараша: «Интер» – «Қайрат» (01:00)
  • 26 қараша: «Копенгаген» – «Қайрат» (22:45)
  • 9 желтоқсан: «Қайрат» – «Олимпиакос» (20:30)
  • 20 қаңтар: «Қайрат» – «Брюгге» (20:30)
  • 29 қаңтар: «Арсенал» – «Қайрат» (01:00)

1-тур қорытындысы бойынша қазір алматылық ұжым турнирлік кестенің 34-орнында. 

Реклама
Реклама