Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Испаниялық футболшы: «Шерхан Қалмырзаға үлкен қысым болады»

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:01

Испаниялық «Жеңістің» бұрынғы ойыншысы Мигель Анхель Хунко Мартинес Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы матч жайлы пікір білдірді.

Шерхан Қалмұрза. Фото: ФК "Қайрат"
Реклама
Реклама

Мартинестің айтуынша Қалмырзаға үлкен қысым болады, бірақ осындай ойын испандықтың ойынша өзін көрсетуге үлкен мүмкіндік:

«Менің ойымша, үлкен қысым тек Қалмырзаға ғана емес, барлық ойыншыларға түседі. Өйткені бұл Чемпиондар лигасы — клубтық футболдағы басты турнир. 18 жаста мұндай матчтарға қатысу — керемет тәжірибе. Осындай жаста осындай деңгейде ойнауға мүмкіндік туса деп армандайтынмын. Ол осы сәттің қадірін біледі деп үміттенемін. 18 жасында Чемпиондар лигасында алаңға шығу — үлкен қадам», — деді испандық футболшы ASnews.kz-қа берген сұхбатында.

Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасында Лиссабонның «Спортингіне» қарсы сырт алаңдағы кездесуде дебют жасады. «Қайрат» 1:4 есебімен жеңілсе де, жас қақпашы 24-минутта Юльманнның пенальтисін қайтарып, командаға үміт сыйлаған еді.

Енді алматылық клуб Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі келесі матчқа дайындалып жатыр — 30 қыркүйекте Алматыда «Қайрат» мадридтік «Реалды» қабылдайды.

Айта кетейік, Мигель Анхель Хунко — испандық «Райо Кантабрияның» тәрбиеленушісі. Ол Испания, Финляндия, Малайзия және Камбоджа клубтарында ойнаған. Қазақстанда «Жеңіс» сапында бес матч өткізіп, екі гол соққан. Қазір ол клубсыз жүр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары