Жанкүйерлерді ең алдымен қызықтыратыны – “Алтын доп” расымен алтыннан жасалған ба және оның салмағы қанша?
Жанкүйерлердің көбі бұл марапат таза алтыннан жасалған деп ойлайды. Бірақ олай емес. Негізінен «Алтын доп» мыс пен мырыш қорытпасынан жасалады. Сондықтан да жылтыр.
Орта есеппен мұндай марапаттың салмағы жеті килограммға тең. Оны дайындауға шамамен алты ай және 100 сағат уақыт кетеді.
Егер марапат таза алтыннан болмаса, онда ол қанша тұрады? «Алтын доптың» өзіндік құны 3 мың еуроға тең, деп жазады Dinamo.kiev.ua.
2025 жылғы «Алтын доптың» иегері «ПСЖ» шабуылшысы Усман Дембеле атанды.
Еске сала кетейік, 2024/25 маусымында Усман Дембеле ПСЖ сапында Чемпиондар лигасын, чемпионатты, Франция кубогын және Суперкубогын жеңіп алды, сондай-ақ клубтық әлем чемпионатының финалына шықты.
Алайда, Ламинның әкесі биылғы нәтижеге көңілі толмайтынын айтты. Ол туралы осы сілтемеге өтіп, біле аласыздар.
Нәтижелер: