Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан футболының аңызы ұлттық құраманы басқарады ма?

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 08:00

Қазақстан құрамасы бас бапкерінің ассистенті Елдос Ахметов «Yessen Yeleuken» youtube-арнасына берген сұхбатында бас бапкер мәселесі бірнеше күнде шешілетінін айтты.

 

Нұрбол Жұмасқалиев
Реклама
Реклама

— Жақында ойын болады. Құраманы кім жаттықтырады? Іздеу жұмыстары жүріп жатыр ма? Сіз өзіңіз Нұрбол Жұмасқалиевпен бірге циклді аяқтай алмайсыз ба?

— “Бұл мәселе бір-екі күннің ішінде шешіледі. Бүгін-ертең жиналыс өтеді, онда бәрі талқыланады. Ойлаймын, мәселе жақында жабылады. Қажет болса, біз құрама басқаруын өз қолымызға алып, циклдің соңына дейін жеткізуге тырысамыз. Естеріңізде болса, бір кездері Андрей Карпович құраманы екі ойынға басқарып, бұл оның мансабындағы жарқын сәттердің бірі болды. Қазір ол — «Елімайдың» бас бапкері.”

— Нақты кім болатынын білмейсіз бе?

— “Білмеймін. Айта алмаймын, бірақ үлкен ықтималдықпен команданы Нұрбол-аға (құрама бас бапкерінің ассистенті Нұрбол Жұмасқалиев) басқаруы мүмкін”. 

Айта кетейік, қазақстандық маман Әли Әлиев Бельгияға қарсы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынынан кейін қызметінен кетті. Ол матчта Қазақстан құрамасы ойсырай жеңіліп, қақпасына жауапсыз алты гол жіберіп алды.

Жұмасқалиев жайлы

Нұрбол Жұмасқалиев — 1981 жылы Оралда туған қазақстандық жартылай қорғаушы, «Тобылдың» аңызы; Қазақстан чемпионатында 526 ойын өткізіп, 167 гол соққан, ұлттық құрамада 58 матчта 7 гол салған, 2010 жылғы ел чемпионы, 2007 жылғы Интертото кубогының жеңімпазы, бірнеше рет ел чемпионатының үздік бомбардирі атанған, ұзақ жылдар бойы «Тобылдың» капитаны болған, қазір бапкерлікпен айналысып жүр.

Қазір «Тобылдың» бас бапкері қызметінде. Оның командасы осы ҚПЛ маусымында үздік үштік қатарында.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары