
Жалпы құрамға 24 ойыншы шақырылған.
Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Денис Мамонов 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Андорраға қарсы матчқа, сондай-ақ Өзбекстан жастар құрамасымен екі жолдастық ойынға шақырылған футболшылар тізімін жариялады.
Жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны 3 қазанда Алматыда басталады. Тізімге 24 ойыншы енді.
Қақпашылар: Мирас Рихард («Ертіс»), Дулат Талыспаев («Кеге», Дания), Әбілқайыр Әлиакбар («Алтай»).
Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров («Жетісу»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік академиясы»), Темірлан Мырзағалиев («Қайсар»), Никита Губарев («Қайсар»), Бахтияр Төлеуов («Ертіс»), Рамазан Кәрімов («Жетісу»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»).
Жартылай қорғаушылар: Давид Есімбеков («Жетісу»), Олжас Байбек («Қайрат»), Әбинұр Нұрымбет («Ертіс»), Вячеслав Раскатов («Каспий»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Тамерлан Ағыманов («Ертіс»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»), Жансұлтан Мұхаметханов («Жетісу»).
Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызыл-Жар»), Сэйф Попов («Алтай»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбаев («Оңтүстік академиясы»), Рамазан Бағдат («Қайрат»).
Қосалқы құрам: Санжар Ерниязов («Хан-Тәңірі»), Эльхан Саидов («Шахтер»), Саламат Жұмабеков («Оқжетпес»), Мұхаммед Еңсебаев («Ертіс»), Біржан Тоқтыбай («Оңтүстік академиясы»), Артем Литош («Шахтер»).
Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін Андорра құрамасына қарсы матчта жеңіспен бастады. Ал екінші ойында Англия құрамасына есе жіберді.
Іріктеу кезеңінің үшінші ойыны 9 қазанда Андоррада өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 22:30-да басталады. Артынша 12 және 14 қазан күндері Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан жастар құрамалары арасында екі жолдастық ойын жоспарланған.