«Ақтөбе» минималды есеппен жеңді
27.09.2025, 21:09
Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 24-турында «Ақтөбе» петропавлдық «Қызылжарды» қабылдады.
Instagram/@fcaktobe_official
Матчтың басты сәттері
Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері белсенділік танытты. 8-минутта уругвайлық шабуылшы Даниэль Соса қақпашымен бетпе-бет шығып, есеп ашты.
Бұдан кейін қос команда қарымта шабуылдар жасады. Алайда таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Екінші таймда тартыс қыза түсті. 67-минутта қонақтардың капитаны Александр Нойок Жайро Жанға қарсы қауіпті ойнап, тікелей қызыл қағаз алды. «Қызылжар» бір ойыншымен аз қалған соң, алаң иелері жеңісті уыстан шығармады..
Нәтиже мен турнирлік жағдай
«Ақтөбе» — «Қызылжар» (Петропавл) 1:0
Гол: Соса, 8-минут (1:0)
Қызыл қағаз: Нойок, 67-минут
Бұл жеңістен кейін «Ақтөбе» 42 ұпай жинап, турнир кестесінде 4-орынды сақтап қалды. Ал «Қызылжар» 24 ұпаймен 9-сатыда тұр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама