Алматыға 5 мыңнан астам шетелдік жанкүйер келеді.
Алматыда өтетін тарихи кездесу – «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы матч тек спорттық емес, экономикалық тұрғыдан да маңызды оқиғаға айналмақ. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев мәлімдеді.
Матчқа билеттер түгел сатылып кеткен. Қала туристерді қабылдауға дайын, қонақүй мен қызмет көрсету саласында барлық жағдай жасалған.
«Қайрат» – «Реал» ойынына қатысты соңғы деректер бойынша билеттердің барлығы сатылып кетті. Туристерді қабылдауға толық мүмкіндік бар. Алматыға 4 мыңнан астам шетелдік қонақ келеді деп күтілуде. Ал алдын ала есеп бойынша, қала бюджетіне 2–3 млрд теңге көлемінде кіріс түседі», – деді Нұртас Кәріпбаев.
Айта кетейік, 29 қыркүйекке қараған түні Алматы әуежайына мадридтік «Реалдың» жұлдызды құрамы арнайы чартерлік рейспен қонды. Қалаға бірге келгендер қатарында Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Джуд Беллингем және басқа да әлем футболының жұлдыздары бар.
Тарихи матч 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те Орталық стадионда өтеді.