
Мадридтің «Реалы» Чемпиондар лигасындағы «Қайратқа» қарсы ойынға Алматыдағы ең беделді қонақүйлерінің бірі InterContinental-де тоқтайды.
Клуб ресми мәлімдемесінде футболшылардың дәл осы қонақүйде орналасатынын растады. Қызмет көрсету сервистерінде нөмірлерді брондау мүмкін емес, себебі «Реал» бүкіл қонақүйді толық жалға алғаны айтылады.
«Реал» Алматыға 29 қыркүйекке қараған түні, шамамен 00:50-де қонады. Ұшу уақыты – 8 сағаттан асады. Бұл – клуб тарихындағы ең алыс еурокубоктық сапарлардың бірі.
Алматыға Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Джуд Беллингем секілді негізгі құрам ойыншылары толық құрамда келеді.