ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

95-минуттағы гол «Елімайға» жеңіс сыйлады

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында Семейде «Елімай» «Ордабасыны» қабылдап, соңғы минуттарда жеңісті жұлып әкетті.

95-минуттағы гол «Елімайға» жеңіс сыйлады
instagram.com/@fc__ordabasy

Ойын барысы

Кездесудің 3-минутында Эвертон Мораес пас шығарып, Эльхан Астанов есеп ашты. Бұдан кейін «Елімай» ойын тізгінін қолға алғанымен қақпашы Бекхан Шайзадаға айтарлықтай қауіп төндіре алмады.

84-минутта Әділбек Жұмахановтың әуелете асырған добын Рамазан Оразов голға айналдырып, таразы басын теңестірді. Ал қосымша уақытта, нақтырақ айтқанда 95-минутта тәжірибелі шабуылшы Роман Муртазаев шешуші соққы жасап, жеңісті «Елімайға» сыйлады.

Турнирлік жағдай

Бұл нәтижеден кейін «Елімайдың» қоржынына 42 ұпай түсті, олар «Ақтөбені» қуып жетті. Ал «Ордабасы» 31 ұпаймен турнир кестесінде 8-орында қалып отыр.

«Елімай» (Семей) — «Ордабасы» (Шымкент) 2:1 (0:1)
Голдар: Астанов Э. 3 (0:1), Оразов 84 (1:1), Муртазаев 90+5 (2:1).
Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.