Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ермұхамед Мәулен Қызылордадағы жаңа стадион алаңы жайлы айтты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:40

Ол жақында өткен Қазақстан Кубогінің финалында стадионның ашылу салтанатына қатысқан болатын.

Ермұхамед Мәулен
Реклама
Реклама

Танымал комментатор және футбол эксперті Ермұхамед Мәулен Қызылорда қаласында салынған жаңа стадион туралы өз пікірін білдірді.

Мәуленнің айтуынша, болашақта стадионда жасанды алаңды алып тастап, табиғи шөп өсіреді деген ақпарат айтты.

“Жасанды алаң, амал жоқ. Бірақ түбі, осы жасанды алаңды болашақта өзгертеміз деген ой бар екен. Қазір уақыттың аздығынан осындай шешім қабылдаған екен. Бірақ өте сапалы жасаған, Лэд экраны да, таблосы да заманауи жасалған,” – деді Ермұхамед Fonteam подкастында.

Естеріңізге салсақ, Қызылорда қаласында халықаралық стандартқа сай, 11 мың көрерменге арналған жаңа Орталық стадион құрылысы жақында толық аяқталған болатын. Бұл нысан аймақ спортының дамуына серпін беріп, әлемдік деңгейдегі жарыстарды қабылдауға мүмкіндік жасайды. Жалпы аумағы 20 мың шаршы метрді құрайтын стадион УЕФА талаптарына сәйкес салынған. Арена тек футбол матчтарын ғана емес, бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, ауыр атлетика, таэквондо, спорттық гимнастика сияқты түрлі спорт түрлерінің дамуына жол ашады.

Алғашқы ашылу салтанатын Қазақстан Кубогінің финалына орай өткізілген болатын. Финалда қостанайлық “Тобыл” шымкенттік “Ордабасыны” 2:0 есебімен тізе бүктіріп, тарихында үшінші рет кубокті жеңіп алды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары